Елімізде 820 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған

0
700

Індет жұқтырғандардың көбісі орташа және кіші медициналық қызметкерлер.


Елімізде 820 медицина қызметкері коронавирус жұқтырып алған

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызын медицина қызметкерлері құрайды, деп хабарлайды Хабар24.

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Айтуынша, 820 медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде көбісі – орташа және кіші медициналық қызметкерлер.