Елімізде алдағы күндері күн жылынады

0
1 672

Бұрқасынмен қар жауу және оңтүстік облыстарында - жылбысқы қар, тұман және көктайғақ күтілуде.


Елімізде алдағы күндері күн жылынады

Синоптиктер 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Қазақстанға Атлантикалық ауа массаларының түсуінің жалғасуы республиканың көптеген облыстарында жоғары аномалды ауа температурасын сақтап тұрады. Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5 градусқа дейін болжанады", - делінген хабарламада.

Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен бұрқасынмен қар жауу және оңтүстік облыстарында - жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудырады. Бұрқасынмен қар жауу және тұман жолдардағы көріну қашықтығын 50-500 метрге дейін төмендетеді.