Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.
ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру гранттар тізімін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75.
Тізімге 49 білім беру мекемесі енген. Жалпы орын саны – 712, оның ішінде нысаналы орын – 107.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет