Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалды.
ERNUR.KZ. 16 мыңға жуық қазақстандық әйел проактивті форматта көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алды. Өткен жылдың мамыр айынан бастап төрт және одан да көп баласы бар әйелдер Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге міндетті емес. Мемлекеттің өзі барлығын SMS арқылы қашықтықтан реттеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацисы.
Бұрын бұл жәрдемақыға өтініш беру үшін құжаттар топтамасын – нысандағы өтінішті, жеке куәлікті, балалардың туу туралы куәліктерін және неке туралы құжатты жинап, ХҚО-ға жүгіну қажет болатын. Жәрдемақы өтініш берген күннен бастап тағайындалды.
"Отбасында төрт және одан да көп бала туған жағдайда әйелге туу туралы куәлікті, бір жылға дейін күтім жасау жәрдемақысын, сонымен қатар көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ұсынысы бар SMS хабарлама келеді. Тек клиенттің SMS арқылы келісімі қажет. Қажетті ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ", – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожихов.
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы 2020 жылдың басынан бері төленеді. Жәрдеақыны көп балалы әйелдер ала алады. Қазір 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы жәрдемақы алады. Оның ішінде 63 437 әйел "Алтын алқа", 138 571 әйел "Күміс алқа" иегерлері.
2022 жылы жәрдемақы:
4 балаға 49100 теңге;
5 балаға 61 383 теңге;
6 балаға 73 666 теңге;
7 балаға 85 948 теңге;
8 балаға 98230 теңге;
Одан кейінгі балалар үшін +4 АЕК.
Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар көп балалы отбасы болып саналады.
6 баланың өмірге әкелген көп балалы аналар "Күміс алқа" алқасымен, 7 және одан да көп бала туған аналар "Алтын алқа" алқасымен марапатталады.
Проактивті қызмет ұсынысы бар 1414 нөмірінен SMS-хабарламаларды алу үшін телефон нөміріңіз азаматтардың деректер базасында тіркелуі керек. Егер қандай да бір себептермен SMS арқылы қызметті ала алмасаңыз, бұрынғыдай ХҚО-ға жүгіне аласыз.