Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады.
ERNUR.KZ. Елімізде 2022 жылдың қыркүйек айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 124,66 келі 3 099 алтын құйма сатылған, деп жазады stan.kz.
Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтын құймаларды халыққа сату және сатып алу бағдарламасын іске қосқан болатын. Нәтижесінде осы аралықта 3,6 тонна 104 945 алтын құйма сатылған.
Алтын құймалар 5, 10, 20, 50 және 100 грам салмақта ұсынылады. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа и10 грамдық құйманың 26 706 данасы, 5 грамдық құйманың 22 600 данасы (22%), 20 грамдық құйманың 22 275 данасы (21%), 100 грамдық құйманың 21 126 дана (20%), 50 граммдық құйманың 12 238 данасы (12%) сатылған.
Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады.
Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ банктік емес жекелеген пунктерден құймаларды сатып алып, кері сатуға болады.