Елімізде мемлекеттік сатып алу ережелері тағы өзгереді

0
2 369

Биыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелеріне бірнеше өзгеріс енгізілді. Енді конкурс жеңімпаздары жаңа талап бойынша анықталады.


Елімізде мемлекеттік сатып алу ережелері тағы өзгереді
ERNUR.KZ. Толығырақ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Ерлан Сейітов айтып берді, деп жазады inform.kz.

Енді мемлекеттік сатып алу бойынша тауар жеткізіліп, қызмет көрсетуші тапсырыс беруші орналасқан аумақта болса, онда оған балл беріледі.

«Білесіз бе, мұндай проблема бар, компания елдің басқа өңірінде байқауда жеңіске жетеді. Содан кейін ол өз міндеттерін орындамайды не міндетін қосалқы мердігерлікке бермейді», - деді Ерлан Сейітов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның түсіндіруінше, теріс мәнді критерий бойынша қол қойылған әрбір келісімшарт үшін жеткізушіден балл алынады.

«Бізде барлық конкурста жеңіске жетіп, 1 млрд теңгеден астам сомаға 300-ден астам шарт жасағандар бар. Бүкіл келісімшарттың бір қолға кетуі бәсекелестікке жатпайды. Осыған байланысты біз жаңа критерий енгіздік, енді жағдай күрт өзгерді. Бұрын ұтпаған компаниялар жеңе бастады. Екіншіден, 300-ден астам келісімшартты жеңіп алған компанияларда енді мұндай мүмкіндік жоқ. Келісімшарттарды мемлекеттік сатып алуға қатысушылар арасында біркелкі бөлу жүріп жатыр», - дейді спикер.

Департамент директоры атап өткендей, мемлекеттік сатып алу туралы заңның жаңа жобасын әзірлеу бағытында жұмыс жүріп жатыр. Заң жобасы Мәжіліске енгізілді. Құжат мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыруға, жеңілдетуге және бюрократиядан шығаруға бағытталған.

Сондай-ақ заң жобасы аясында жеткізушілерді бағалауға болатын басқа да тетіктерді әзірлеу ұсынылады.

«Бізде шағымданушылар бойынша проблема бар. Яғни дұрыс, бұрысына қарамастан, шағымданады және мемлекеттік сатып алуды тоқтататын компаниялар бар. Мұндай компаниялармен күресу үшін біз теріс мәнге ұқсас механизмді ұсынамыз. Егер шағым беру кезінде ол расталмаса, онда компанияның рейтингі төмендейді. Нашар рейтинг компанияның одан әрі қатысу мүмкіндігін азайтады», - деді Е.Сейітов брифингіде.