Бұдан мемлекетке келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асты.
ERNUR.KZ. Елімізде шетелден жеткізілген көліктерді заңсыз есепке қою бойынша бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингі барысында мәлім етті, деп жазады Azattyq Ruhy.
«Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті еліміздің 7 өңірінде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр», - деді Ш. Тұрлыбек.
Ведомство өкілі атап өткендей, соңғы үш жылда 2 мыңнан астам көлік заңсыз тіркелген. Бұдан мемлекетке келтірілген шығын 10 млрд теңгеден асты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, шетелден әкелінген көліктерді Қазақстан Республикасында тіркеуге заңсыз қойып келген қылмыстық топ әшкереленді. Олардың ішінде Полиция департаментінің 2 қызметкері бар.