Елімізде вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

0
996

Масканы бір жыл бойы қолдануға болады.


Елімізде вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елімізде ультрадыбыстық маска шығарыла бастады. Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, оларды жойып жібереді, деп жазады "Хабар-24".

Оны ойлап тапқан ғалымдардың мәлімдеуінше, масканы бір жыл бойы қолдануға болады. Өндіріс қарқын алғаннан кейін бетпердені ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне экспортқа шығару жоспары бар. Осы мақсатта өндірушілер 140 млн теңге инвестиция тартқан. Жоғары технологиялық масканың нақты бағасы әлі бекітілген жоқ.