Елімізде волонтерлік ұйымдардың саны үш есе артты

0
2 371

2020 жылдың басында елімізді небәрі 224 волонтерлік ұйым болған.


Елімізде волонтерлік ұйымдардың саны үш есе артты

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның вице-министрі Болат Тілепов осылай деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше 2020 жылдың басында елімізді небәрі 224 волонтерлік ұйым болса, қазіргі кезде 600 ұйым бар.

«Ал еріктілердің саны 2,5 ұлғайып, жаздағы пандемия өршіген кезінде 100 мың адамға дейін жетті. Елімізде волонтерлердің республикалық кеңсесі іске қосылып, республиканың 17 аймағында фронт-кеңселер ашылды. Жыл бойы асыл мұра, сабақтастық, білім сияқты маңызды бағыттар бойынша 7 жалпы ұлттық волонтерлік жоба жүзеге асырылды. Республика бойынша 18 ерктілерді қолдау орталығы құрылды», – деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.