Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

0
575

27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр.


Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

ERNUR.KZ. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды, деп хабарлады baq.kz.

2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр.

Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді.

"Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді", - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.