Еліміздің 8 өңірінде бір уақытта Finbet букмекерлік кеңселеріне тінту жүргізілді (видео)

0
948

Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.


Еліміздің 8 өңірінде бір уақытта Finbet букмекерлік кеңселеріне тінту жүргізілді (видео)

ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе ұйымдастырылған.

18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта жүргізілген арнайы операция барысында кеңселерде тінту жүргізілді. Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.