Еліміздің бес өңірінде жедел жәрдем шақырту көбейді

0
694

Маусым айында шақырту 10 пайызға өсті.


Еліміздің бес өңірінде жедел жәрдем шақырту көбейді

ERNUR.KZ. Жедел жәрдем бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Хабар24.


«Биылғы 5 айдың ішінде жедел көмек бригадалары 3 миллионнан аса шақыртуға қызмет көрсетті. Жалпы республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетіп жатыр. Бірақ маусым айында шақырту 10 пайызға өсті. Соның ішінде 15-22 маусым аралығында айтарлықтай өсім болды, тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетілді», - деді Бауыржан Жүсіпов.


Айтуынша, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында шақырту көбейген.


«Осыған байланысты жедел көмек бригадасының шақырту орнына орташа жету уақыты 12-13 минутқа артқаны байқалады», - деді ол.