Еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді

0
1 735

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.


Еліміздің кей өңірлерінде үсік жүреді

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп жазады Baq.kz.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

Әрдайым пайдалы жаңалықтар сайтынан хабардар болғыңыз келе ме?