Елімізге Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек жетті

0
718

Жалпы салмағы бір жарым тонна болатын жүкте дәрі-дәрмек, антибиотик, түрлі дәрумендер, қорғаныш киімдері мен өзге де медициналық бұйымдар бар.


Елімізге Оңтүстік Кореядан гуманитарлық көмек жетті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея мемлекеті елімізге коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Сеулден келген ұшақ келіп қонды. Жалпы салмағы бір жарым тонна болатын жүкте дәрі-дәрмек, антибиотик, түрлі дәрумендер, қорғаныш киімдері мен өзге де медициналық бұйымдар бар.

Айта кетейік, осыған дейін де Оңтүстік Корея Қазақстанға бірнеше мәрте гуманитарлық көмек қолын созған еді.


- Әуежайға жеткізілген жүк «СК Фармацияға» тапсырылады. Олар еліміздегі медициналық мекемелердің қажетіне қарай дәрі-дәрмектер мен өзге де медициналық заттарды үлестіреді. Бұл істің барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қадағалайды, - дейді ҚР СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.