Елорда әкімдігі қала тұрғындарын шошытқан зор дыбыстың не екенін түсіндірді

0
657

Кейбіреуі бұл дыбыстарды ЖЭО жақтан арасында шығып тұратынын жазды.


Елорда әкімдігі қала тұрғындарын шошытқан зор дыбыстың не екенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Түнде астаналықтар оң жағалаудан шыққан біртүрлі дабыл дыбысынан қорқып кетті. Сөйтсе, бұл ЖЭО-2 жылу жүйесін тазарту кезінде құбырдан шыққан дыбыс екен, деп жазады zakon.kz.


Желіде елорда тұрғындары 10 минут бойына біртүрлі дыбыс естігендерін жарыса жазды.

Біртүрлі дыбыс ұзақ уақытқа созылды, - деп жазды желі қолданушылары.

Кейбіреуі бұл дыбыстарды ЖЭО жақтан арасында шығып тұратынын жазды. Және олар қателеспеті.

Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл зор дыбыстың ЖЭО-2 жақтан шыққанын растады.

ЖЭО-2 жылу жүйесінде тазалау жұмыстары жүргізілді. Станцияның дұрыс жұмыс істеуі үшін осындай технологиялық процесс қажет, - деді әкімдіктегілер.