Елорда әкімі бір айда 200-ден астам адамды қабылдады

0
877

Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді .


Елорда әкімі бір айда 200-ден астам адамды қабылдады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді, деп жазады Елорда Инфо.

Қала тұрғындары баспана алу, несие бойынша пайыздарды есептен шығару, балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыру, қосымша білім алу мәселелерімен жүгінді.

Қала тұрғыны Қарлығаш алты баласымен контейнерде тұруға мәжбүр болғанын хабарлады. Қалада тіркелмегендіктен тұрғын үй кезегіне тұра алмайды.

«Менің 6 балам бар. Негізгі жұмыстан басқа, мүмкіндігімше жартылай жұмыс істеймін. Бір жерде еден жусам, екінші жерде пәтер тазалаймын. Балаларым жиі ауырады. Контейнерде ешқандай жағдай жоқ. Менің балам пневмониямен ауырып қалды, ортаншы қызымның денесінде бөртпе пайда болды», - деді Қарлыгаш.


Тағы бір қала тұрғыны, 7 баланың анасы Жайнагүл жұмысында қиындықтарға тап болғанын айтты. Қазір әйел бала күтімі бойынша демалыста. Гүлжанның баласы эпилепсиямен ауырады. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы керек.

Қала әкімі А.Көлгінов басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне жүгінген аналардың көкейкесті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеп, қосымша мамандық алуға, балабақшаға жолдама алуға, дәрі-дәрмек алуға және баспанаға кезекке тұруға көмектесуге тапсырма берді.

Алтай Көлгінов ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, көпбалалы отбасылармен, тұрмысы төмен адамдармен жүйелі түрде кездесіп тұрады.

Азаматтарды қабылдаудың бір айында әкім 200-ден астам адамды қабылдады. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша жұмыс жүргізіледі.