Елордада 300-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

0
722

Коронавирустік инфекциядан қайтыс болған медицина қызметкерлері елордада жоқ.


Елордада 300-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада 330 медицина қызметкері коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.


«Коронавирустік инфекциядан қайтыс болған медицина қызметкерлері елордада жоқ. Жалпы қалада медицина қызметкерлері арасында індет жұқтырған 330-ға жуық жағдай тіркелді. Індет жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық республикалық, қалалық, ведомстволық медициналық мекемелерде бар. Соның ішінде денсаулық сақтау басқармасына қарайтын 200 ұйым бар. Коронавирустік инфекцияны емдеуге және диагностикалауға қатысып, инфекциялық және провизорлық стационарда жұмыс істеген қызметкерлер осы індет жұқтырғандардың үштен бірі», – деді Сәуле Қисықова.