Сонымен қатар кейбір компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып жатыр.
Photo : СС0 / Capri23auto
ERNUR.KZ. Елордада 37 көпқабатты тұрғын үйдің заңсыз салынып жатқаны анықталды, деп жазады sputnik.kz.
Сонымен қатар кейбір компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартып жатыр.
"Осы негіздер бойынша биыл ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады:
Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу;
екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу;
ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру).
Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз.
Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен ("Кепілдік объектілері" қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады.
Егер Cіз заңсыз құрылыс салушыға тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз.