Елордада 678 адамнан үнді штамы анықталған

0
406

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі.


Елордада 678 адамнан үнді штамы анықталған

ERNUR.KZ. Елордада үнді штамының 678 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүгінде қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі.

«Маусымда тәулігіне 100-110 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, «қызыл аймақтан» шығуымыз керек болған. Алайда «дельта штамының» яғни «үнді штамына» тіркелуіне байланысты ауру жұқтырғандар саны бірден өсті. Бүгінде («үнді штамының» - автор) 678 жағдайы тіркелді»,– деді Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Елорда әкімі санитарлық дәрігерлер қосымша шектеулер енгізгенін, мұндай қадамға баруға мәжбүр болғанын атап өтті.