Елордада ашық аспан астындағы ПТР зертханасы ашылды

0
676

Бұнда кез келген адам көлігімен не жаяу келіп, сынама тапсыруға мүмкіндігі бар.


Елордада ашық аспан астындағы ПТР зертханасы ашылды

фото кадрдан

ERNUR.KZ. Елордада ашық аспан астындағы ПТР зертханасы пайда болды, деп жазады 24.kz.

Қалалық әкімдік осындай пилоттық жобаны қолға алды. Оның аясында короновирусқа қатысты тестіні енді жаяу келіп, не көліктен шықпай-ақ тапсыруға болады.

«Бағасы 10 мың теңге, ал нәтижесі 100% дәл», дейді мамандар.

Елорданың сол жағалауы. Бұл маңда бизнес және ойын-сауық орталықтары орналасқан. Бұған қоса, әуежайға бет алған жұрт қаланың дәл осы бөлігімен өтеді. Сондықтан арнайы зертхана барынша қолайлы жерге орналасқан. Бұнда кез келген адам көлігімен не жаяу келіп, сынама тапсыруға мүмкіндігі бар.

"7-8 сағаттың ішінде тест қорытындысы беріледі. Арнайы проток арқылы. Анкета бар. Сол арқылы ұялы телефонына не электронды поштаға жібере аламыз. Соныдықтан әр азамат оны тез алуға мүмкіндігі бар. Бағасы 10 мың теңге" - дейді қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.

Мобильді зертхана бірнеше арнайы аумаққа бөлінген. Бұл жерлерде медициналық құрал-жабдықтар сақталады. Ал, сынаманың өзі №2 ауруханада тексеріледі. Бұл орталықта күніне 200-ге жуық адамнан тест алуға мүмкіндік бар.

"Қазіргі күнде эпидемия әлі біткен жоқ. Кейбір жағдайда өсім көріп жатырмыз. Сондықтан сапалы тест жасау өте маңызды. Тағы бір мәселе – ол қауіпсіздік. Зертханада істейтін мамандар қауіпсізідігі маңызды. Екінші оның сапасы" - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Дәл қазір елордада короновирусты анықтай алатын 6 зертхана жұмыс жасап тұр. Олардың көмегімен күніне 5 мыңға жуық адам тексерістен өте алады.

«Ал, егер көшедегі зертхана тиімділігін дәлелдеп, оған деген сұраныс артып жатса, санын көбейтеміз», - дейді әкімдік өкілдері.