Елордада келушілерге қорқор ұсынған мейрамханалар анықталды

0
848

Мамандардың айтуынша, қорқор – инфекция көзі. Сондықтан мұндай жағдайда өлім қаупі жоғары.


Елордада келушілерге қорқор ұсынған мейрамханалар анықталды

Елордада карантин режимін бұзып, тыйым салынған қорқорды келушілерге ұсынған мейрамханалар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің мобильді тобы кезекті рейд кезінде келушілерге қорқор ұсынған бірнеше мекемені анықтады. Енді оларға санитарлық нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Құқық қорғау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер мен БАҚ өкілдерінен тұратын мобильді топтың бірінші сапары «Мәскеу» бизнес-орталығының ғимаратында орналасқан мейрамхана болды.

Айта кету керек, мейрамханаға келушілер мен әкімшілік эпидемиологтер мен полицейлерге қорқорды қоғамдық орындарда қолдануға тыйым салынғанын білмегенін айтып ақталды.


«Аталған мекеме бойынша құқық бұзушылық тіркелді. Карантин режимін сақтамай, ереже бұзылған. ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салынады. Бұл жағдайда мекеме әкімшілігінің әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына, 3-бөліміне жатады», - деді Есіл аудандық тауар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.


Карантин кезінде Р.Қошқарбаев көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінен топталып, қорқор шегіп отырған адамдар анықталды. Мейрамханада көп адам әлеуметтік қашықтық сақтамаған және жеке қорғаныс құралдары болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 120 нысан жабылды, оның ішінде құрылыс компаниялары да бар. 150 кәсіпорын ескерту алды, бір бөлігіне айыппұл салынды.

Мобильді топ мүшелерінің айтуынша, нысандар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше, жұмыс істемейді.

Мамандардың айтуынша, қорқор – инфекция көзі. Сондықтан мұндай жағдайда өлім қаупі жоғары. Қорқор ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралу көзі болуы мүмкін. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтермен бірлесіп күн сайын санитарлық нормалардың сақталуына рейд жүргізеді.

Айта кету керек, астанада маска тағу режимі сақталуда. Егер кәсіпорындар мен қала тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қала карантиндегі қатаң режимге қайта оралуы мүмкін.