51 жастағы әйел моншадағы бассейнге батып көз жұмған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында орналасқан «Керемет» монша кешенінде қала тұрғыны бассейнге батып кеткен, деп жазады Polisia.kz.
Кеше, 11 маусым кешкі сағат 19:10 шамасында моншадағы бассейнге батып көз жұмған 51 жастағы әйелдің денесі табылған. Бұл туралы хабарлама 102 қызметіне келіп түсті.
Кейін анықталғандай, марқұм эпилепсия дертімен ауыратын ІІ топ мүгедегі болып шықты. Ол моншаға анасымен бірге келген.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жасалуда. Тергеу жүріп жатыр.