Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде

0
916

Бұған дейін чемпионат төрт жыл Алматы қаласында өткен.


Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтуде

ERNUR.KZ. Елордада оқушылар арасында робототехникадан чемпионат өтіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«IITU Robocon Cames» республикалық бесінші чемпионатына Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының 30 үздік мектеп командалары сынға түсуде. «Чемпионатқа 30 мектеп командалары қатысуда. Arduino негізінде роботтарды бағдарламалау оқушыларды механикалық, инженерлік бағыттарда машықтандырады», - дейді «Зере-Жанашыр» қорының директоры Майраш Тайкенова.

Чемпионат төрт жыл Алматы қаласында өтсе, биыл елордада ұйымдастырылыпты. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен оқуға гранттары табысталмақ.