Елордада тәулігіне коронавирустың 150 жаңа оқиғасы тіркелуде

0
590

Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен.


Елордада тәулігіне коронавирустың 150 жаңа оқиғасы тіркелуде

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қалада коронавирус инфекциясына қатысты жағдай туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


Биылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша елордада инфекцияның 3546 жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде тәулігіне орташа есеппен коронавирус инфекциясының 150 жаңа оқиғасы тіркелуде. Оның ішінде 50 пайызы симптомсыз жағдайда. 2577 пациент немесе ауырғандардың 73 пайызы емделіп шықты, соңғы тәулікте 76 адам, - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.


Бұдан бұрын хабарланғандай, басқарма басшысы елордада жедел жәрдем қызметіне жүктеме артқанын айтты.

Аптасына тұрғындардан 28 мың өтініш келіп түскен. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 4,5 мыңға дейін жетті. Қызмет көрсетілген шықырулардың саны 18 мыңға жуықтап, кеше 2,8 мың болды. Соның ішінде аптасына коронавирус жұқпасына байланысты 4 438 қоңырау шалынды. Кеше 1300 шақырту болды, - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.