Елордада заңгерді қан-жоса етіп сабап кетті

0
2 002

Ол банктен алған берешегін қайтара алмай қиналып жүрген жанға құқытық көмек көрсеткен екен.


Елордада заңгерді қан-жоса етіп сабап кетті

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Елордада белгісіз біреулер заңгерді қанжоса қылып сабап кетті. Оған дейін ол банктен алған берешегін қайтара алмай қиналып жүрген жанға құқытық көмек көрсеткен. Сондықтан зардап шегуші күдіктілер коллекторлық компанияның қызметкерлері болуы мүмкін деп топшылап отыр, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Оқиға оң жағалаудағы мына кеңседе болған. Жасұлан Рахымғалиев сол күні жұмысқа ертерек келген екен. Бірер сағат өткенде ол отырған жерге белгісіз үш адам баса көктеп кіріп, оны аяусыз соққыға жыққан. Олардың қалай кіріп, шыққанын анау бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Қазір полицейлер оны тергеп-тексеріп, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Күдіктілер оны тапа-тал түсте есінен танғанша сабап, қашып кеткен. Қазір ол қаладағы нөмірі бірінші ауруханада ем қабылдауда. Ол кеңсеге келген адамдарды бұған дейін көрмегенмін дейді. Олар ғимарат ішіне кіргенде екеуі кабинет ішіне кіріп, біреуі есік алдында қарауылдап қалыпты.

“Шабуыл жасағандардың бірі, екіншісіне мені есінен танғанша ұруды бұйырды. Оны анық естідім. Ешнәрсе жасап үлгерген жоқпын. Олар мені бірнеше соққы жұмсап, жерге құлатты. Қолымдағы телефоным мен әмиянымды алып қойды. Сосын қашып далаға шығып кетті”- дейді зардап шегуші ЖАСҰЛАН РАХЫМҒАЛИЕВ.

Жасұланның сөзінше, барлығы банктен алған берешегін қайтара алмай, коллекторлардан зәбір көрген жанғақ құққытық көмек көрсетпек болған кезден басталыпты. Заңгердің аудиожазбасында, коллекторлық компанияның қызметкерлері борышкермен қалай сөйлескені анық жазылып қалған. Жасұлан Рахымғалиев осыдан соң борышкердің өміріне қауіп төндіріп, балағат сөздермен сөйлескен коллекторлық компанияға барып, біраз былықтың бетін ашады.

“Коллекторлық компанияға барғанымызда, бірнеше заңбұзушылықты байқадық. Олардың Ұлттық банкте тіркеуде болмағанын анықталды. Сондай-ақ, мекемесінде бірде-бір атауы жоқ болып шықты. Бірақ, ондағылар бізден көмек сұраған борышкермен сөйлескен коллектор онда жұмыс істемейді деп құтылмақ болды”-дейді ЖАСҰЛАН РАХЫМҒАЛИЕВ.

Осылаша банктен алған берешегін қайтара алмай қиналып жүрген жандарды тығырыққа тіреп үйренген коллекторлар заңгерді сабасына түсірмек болды ма, ол жағы белгісіз. Бұл оқиғаны өз арнасына шығарған қоғам белсендісі, блогер Тәңірберген Бердіоңғаров заңнан тыс әрекетке барғандарды анықтап, лайықты жазасын беруі керек дейді.

“Өткен тоқсаныншы жылдардағыдай адамдарды бейбіт күнде өлтіріп, аяусыз соққыға шығуға жол бермеуіміз керек. Біз ол кезеңнен өттік. Бірақ осындай оқиғаларды көріп, сол уақыт қайтып келе жатқандай көрінеді. Қазір полицейлер қылмыскерлерді ұстап, оларды кім жалдағанын анықтауы тиіс. Және коллекторлық компаниялардың жұмысын заң жүзінде қайта қарастыру керек. Себебі, олардың жұмыс істеу принципі бопсалау, психологиялық қысым көрсетуден құралған”- деді қоғам белсендісі ТӘҢІРБЕРГЕН БЕРДОҢҒАРОВ.

Ал, полицейлер заңгерді соққыға жыққандардың кім екенін анықтапты. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің тек «Тонау» бабы бойынша ғана қылмыстық іс қозғалған. Жалпы, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, коллекторлық компаниялардың құқық бұзушылығы дәлелденсе, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынудан бастап, бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдерін қамтитын жазалар көзделген екен.