Еңбек министрі 4 күндік жұмыс аптасына көшу шарттарын атады

0
667

2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасын орнатуға болады.


Еңбек министрі 4 күндік жұмыс аптасына көшу шарттарын атады

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жұмысшыларды төрт күндік жұмыс аптасына ауыстыру кезінде қандай шарттарды сақтау керек екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасына көшу тәжірибесін қолдануға болатынын айтты.

Бүгінде бұл тәжірибеге айналды. Пандемия кезінде жұмыс берушілер жұмыс ерекшелігіне қарай біреуге төрт, біреуге бес, біреуге алты күн жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Бірақ сіз бен біз жалақыны есептейтін сағат нормасын жоғалтпау үшін арнайы икемді жұмыс режиміне тыйым салынбағанын көрсеттік. Бұл мүмкін, бірақ жалақының стандартын қамтамасыз ету қажет, яғни ең төменгі жалақыдан төмен болмауы керек.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, қызметкерлердің жалақысы төмендемеуі үшін сағат тарифін сақтау қажет.
Бұл да - адамдарға ыңғайлы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін икемді әдістердің бірі. Енді платформалық жұмыспен қамту бұл мәселенің тамаша мысалы болады.Тамара Дейсенова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республиканың кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша түзетулер әзірледі. Соған сай 2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасын орнатуға болады.