Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квотаны белгілеу туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек ету үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2023 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты мынандай пайыздық мөлшерде қарастырылған:
- жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,24% мөлшерінде;
- еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,2% мөлшерінде.
Осылайша, Еңбек министрлігі квотаның бұл түрін 0,07%-ға қысқартуды жоспарлап отыр.
Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.