Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен кетті

0
559

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев аталған ауданға басшы болып биыл ақпан айының 18-і күні тағайындалған болатын.


Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті, деп жазады inform.kz.

«Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз кетті»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев аталған ауданға басшы болып биыл ақпан айының 18-і күні тағайындалған болатын.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының инспекторы, бас инспекторы болып бастады. Әр жылдарда «Казкоммерцбанк» АҚ Шелек филиалының менеджері, жетекші менеджері, бөлім басшысы, директордың орынбасары, Шелек ауылында «БиК Service», Алматы қаласында «Vita trans» ЖШС-ларының директоры, «Баттал» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болды. 2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры қызметін атқарды.