Мұндай шешім Орал тұрғындарының көптеген өтінішіне байланысты қабылданған.
ERNUR.KZ. № 81/82 Астана – Ақтөбе бағытындағы "Тальго" пойызының бағыты Оралға дейін ұзартылатыны белгілі болды, деп жазады tengritravel.kz.
Жолаушылар тасымалының баспасөз қызметі мәліметінше, мұндай шешім Орал тұрғындарының көптеген өтінішіне байланысты қабылданған.
"2024 жылғы 19 қыркүйектен бастап "Тальго" пойызының № 81/82 Астана-Ақтөбе бағыты Оралға дейін ұзартылады. Пойыз бір күн сайын жүреді. Билеттер bilet.railways.kz сайтында қолжетімді және компанияның билет кассаларында", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Пойыз шамамен 350 жолаушыны тасымалдай алады. Пойыз Астана, Қостанай, Ақтөбе және Орал сияқты ірі қалаларды қоса алғанда, 15 станцияда аялдайды.