Енді қолайсыз ауа райында алыс жолға шыққандар жазаға тартылады

0
516

Заңнамада мұндай жауапкершілік қарастырылған.


Енді қолайсыз ауа райында алыс жолға шыққандар жазаға тартылады

ERNUR.KZ. Елімізде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қыста қаладан шығатын азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Эльдор Райымбеков мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазіргі уақытта біз «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС бірлесіп, қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ескертулерге назар аудармай, қысқы уақытта қаладан шығатын тұрғындарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Ауа райының қолайсыздығы мен ескертулерді елемей жолға шығатындар бар. Соның нәтижесінде, ол адамдар төтенше жағдайға тап болады. Яғни, жол қызметінің қызметкерлері боран күндері шыққан автокөліктердің иелері туралы хабарлайтын болады, одан кейін тәртіп сақшылары мұндай азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл жерде басты мәселе – адамдардың қауіпсіздігі», - деді Э.Райымбеков.

Оның айтуынша, заңнамада мұндай жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан ескертулерге назар аудармайтын жүргізушілерді жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылданатын болады.