Енді қолхат жазып қарызын өтей алмағандар да өзін банкрот деп жариялай алады

0
228

Ол үшін сотқа жүгініп, материалдық жағдайының төмен екенін дәлелдеуі керек.


Енді қолхат жазып қарызын өтей алмағандар да өзін банкрот деп жариялай алады

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Деректерге сүйенсек, банкрот деп танылған Астана қаласы, Абай және Қостанай облыстарының тұрғындарының атына рәсімделген 42 миллиард теңге несие кешірілген. Банктегі берешек жойылғанымен халықтың қаржылық жағдайы белгілі бір уақытқа дейін тексеріліп тұрады. Егер 3 жылда азаматтың табысы артса, қарызды қайтаруға қайтадан міндеттелуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Банкроттыққа өтінім берген жеке тұлғалардың көбі – 18 бен 41 жас аралығындағы адамдар. Бірақ олардың 75 пайызының өтініші мақұлданбаған. Өйткені көбінің төлем мерзімі сәйкес келмеген. Ал кейбірінің атында дүние-мүлкі бар екені анықталған.

“Арнайы ақпараттық жүйе іске қосылған еді. "Қолдау" деп аталады. Азамат өтініш берген бетте ол кісінің өтініші осы ақпараттық жүйеде өңделіп, борышкердің банкроттық рәсімінің талаптарына сай екендігі 26 мемлекеттік органдармен, ұйымдардың базаларымен автоматты түрде салыстырылады”, – деді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Балғын Қанділдә.

Былтыр қабылданған заңға сәйкес несиені бір жылдан артық төлей алмағандар банкрот бола алады. Егер қарызы 5 миллион 900 мың теңгеден аспаса соттан тыс банкроттыққа, ал, берешегі бұдан көп болған жағдайда сотқа жүгінеді.

Деректерге сай, бүгінде қазақстандықтар банкке 22 триллион теңге берешек.