Енді тұрғын үй жинағы үшін коммерциялық банктерден шот ашуға болады: заң жобасы әзірленді

0
246

Қазір тұрғын үй жинағы Отбасы банкте ғана бар.


Енді тұрғын үй жинағы үшін коммерциялық банктерден шот ашуға болады: заң жобасы әзірленді

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтарына баспана сатып алу үшін екінші деңгейлі банктерден де тұрғын үй жинағы үшін шот ашуға рұқсат беру жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы әзірленген. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетерлігі, қазір қазақстандықтар тұрғын үй жинағын Отбасы банкте ғана жинай алады. Әбілқасымованың айтуынша, тиісті заң жобасы дайындалған. Оған сәйкес, екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіне қатысуға рұқсат етілмек.

«Бұл мәселе бойынша біз тиісті өзгерістерді дайындадық. Заңды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әзірлеп жатыр. Сол заңның ішінде қарастырылады. Бұл норма заң жобасына енді. Құжат қазір мемлекеттік органдар арасында келісуден өтіп жатыр. Заң жобасы Мәжіліске түседі», - деді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауабында.