Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына дайындау тиісті деңгейде ұйымдастырылды

0
199

Осы уақытқа дейін бірқатар проблемалық жылу станциясында тиісті жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетті.


Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына дайындау тиісті деңгейде ұйымдастырылды

Жүйелік оператордың жөндеу кестесіне сәйкес электр станцияларында 2024 жылы 10 энергоблокта, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Электр желілері бойынша да күрделі жөндеу жоспарланған. Ол кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның хабарлауынша, осы уақытқа дейін бірқатар проблемалық жылу станциясында тиісті жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетті.

«Мысалы, Павлодар облысында шешім шығарылып, әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады. Оның дәлелі – құралдардың барлығының дайындығы. Екінші сұрақ – отынмен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні барлық электр станцияларында 4,7 млн тонна көмір қоры бар. Оның да тиісті нормативі бар. 10 тәулік пен 20 тәулік деген норматив бар. Осы көмір өндіретін мекемелер электр станцияларына 200 шақырым жақын болса, онда 10 тәуліктік, одан алыстау болса, 20 тәуліктік қор болу керек», – деді спикер.

Энергия көздерінің отын қоймаларында 90 мыңдай тонна мазут жинақталған. Министрлік шығындарды азайту үшін әлеуметтік мазут бағасын 115 мың теңге көлемінде орнатты. Оның нарықтағы бағасы 150 мың теңгені құрайды. Қыркүйек айынан бастап мекемелер оны ала бастады.

Энергетика министрлігі станцияларда қандай да бір мәселелер анықталған кезде өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп проблемаларды жедел шешуге тырысады. Мәселен, былтыр істен шыққан Екібастұз, Риддер қалаларындағы жылу орталықтарына тиісті қаражат бөлініп, мекемелер жқөндеуден өткізілді.