Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

0
545

Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді.


Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды

фото: ia-centr.ru.

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.