Есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

0
522

Полицейлер оған халықаралық іздеу жариялаған.


Есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Есірткі саудасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген қазақстандық әйел Түркиядан экстрадицияланды, деп жазады sputnik.kz.

"Түркия Республикасының Әділет министрлігі есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдікті деп танылған азаматшаны беру туралы Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының жіберген сұрауын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, істі тергеу барысында күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Полицейлер оған халықаралық іздеу жариялаған. Бүгін оны жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

"Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркілене отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп атап өтті бас прокуратураның баспасөз қызметі.