Ет қымбаттай ма – министр жауабы

0
581

Министр ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін айтты.


Ет қымбаттай ма – министр жауабы

ERNUR.KZ. Ет бағасының қатты өсуіне негіз жоқ. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министр ет бағасына болжам жасағанда бірнеше факторды ескеру керек екенін айтты. Біріншісі – мал басы. Екіншісі – қаржыландыру мәселесі.
"Қазір ет өндірісінің көлемі өсіп жатыр. Мал басы да артуда. Ірі қара, ұсақ малдың өңделген етінің экспорты ұлғайып жатыр. Сондықтан ахуал тұрақты. Енді баға мәселесіне келсек, өздеріңіз білесіздер, мал шарашуалығының өз шығындары бар. Сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, осы салаға қажет дүниенің бәрі қымбаттап жатыр. Сондықтан біршама өсім болуы мүмкін", - деді Қарашөкеев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бірақ министр еттің қатты қымбаттауына негіз жоқ екенін атап өтті.
"Ет нарығында жағдай тұрақты. Сол себепті ет бағасының қатты өсуіне негіз жоқ", деді министр.