ERNUR.KZ. «Еуропа Плюс Қазақстан» радиостанциясы қызметіне қатысты ресми түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Еуропа Плюс Қазақстан» радиостанциясының қызметкері Любовь Панованың әлеуметтік желідегі айтқан ұстанымы біздің радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ», - делінген хабарламада.
«Еуропа Плюс Қазақстан» ақпараттық саясаты интернационализм, Қазақстанның егемендігі және әл-ауқаты сияқты мызғымас құндылықтарға құрылады. Халықаралық қатынастар саласында біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық аренадағы саясатын толығымен бөлісіп, эфирде таратамыз.
Сонымен қатар, біздің қызметкердің жариялаған мәлімдемесі компанияның тәртіптік комитетінде қаралатын болады.
«Еуропа Плюс Қазақстан» радиостанциясының ақпараттық саясаты қатаң тексеруден өткен өзекті жаңалықтарға негізделген. Біздің радионың эфирінде ешқашан радикалды пікірлер немесе расталмаған фактілер айтылмайды. Біз радио тыңдаушыларымызды, елімізді жақсы көреміз және біз Қазақстанның бейбітшілігі мен гүлденуіне қызмет етуі үшін жұмысызды одан әрі жалғастырамыз», - делінген радиостанцияның хабарламасында.