Фатима Жақыпова қызметінен босатылды

0
782

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.​


Фатима Жақыпова қызметінен босатылды

Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің Қаулысымен Фатима Надырқызы Жақыпова берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Осыған дейін ҚР әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу департаментінің экс-директоры Анар Қайырбекова білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың диссертациялық жұмысын тексеру барысында тек 40 пайызы ғана түпнұсқа екенін жазған.

Кейінірек, Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап берген еді.