Фейк: "КВИ-дің жаңа түрінің басты белгісі шаршағыштық"

0
427

​​​Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19-дың жарты жылға дейін созылатын жаңа түрінің шыққаны және оның басты белгісі шаршағыштық болып табылатыны туралы ақпарат таратуда.


Фейк:

Сондықтан, шаршағандардың бәрі шұғыл түрде ПТР-тест тапсыруы керек екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Шын мәнінде, осы ақпаратты айтқан ролик кейіпкері ұзақ уақытқа созылған COVID жайлы баяндайды. Бұл қоздырғышы вирустың жаңа нұсқасы болып табылатын аурудың жеке түрі емес, бұл COVID-19-дан сауыққан кейбір науқастарда болатын синдром. Адамдардың әдеттегідей жұмыстан кейінгі шаршау сезімі оның симптомы емес. Бұл синдромға тән белгілер: тыныс алудың қиындауы, ойдың шатасуы, шамадан тыс шаршау, депрессия, тітіркену және т.б..

Егер пациент бойынан ұзақ уақытқа созылған COVID синдромын байқаса, онда ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ. Өйткені, адам аурудан жазылғандықтан мұндай талдау ақпараттық емес және мағынасыз болады.

Мұның орнына дәрігерге жүгіну керек. Маман қажет болған жағдайда жалпы қан талдауын, кеуде қуысының рентгені және т.б. сияқты талдау түрлерін тағайындайды.

Қазіргі кезде ұзаққа созылған COVID синдромы симптоматикалық түрде емделеді, өйткені оның дамуының нақты себептері әлі белгісіз. Сондай-ақ, әртүрлі елдерде осы синдромнан зардап шегетіндерге қолдау көрсететін топтар бар.

Қорыта айтқанда, симптомы шаршағыштық болып табылатын КВИ-дің жаңа түрі туралы ақпарат жалған. Ұзақ уақытқа созылған COVID – бұл аурудың салдары, оның белгілері тыныс алудың қиындауы, ойдың шатасуы, ашуланшақтық және т.б. Бұл синдромды анықтау үшін ПТР тест тапсыру қажет емес.