Бұл Францияның босқындар бойынша ұлттық соты қараған ең үлкен іс болады.
ERNUR.KZ. Парижде Қазақстанда өмірбойына бас бостандығынан айырылған Мұхтар Әблязовты экстрадициялау жөніндегі іс қаралады, деп жазады sputnik.kz.
eureporter.co материалында бұрынғы шенеунік алаяқтық бойынша айып тағылуына байланысты экстрадициялануы мүмкін екені жазылған.
"Ұзаққа созылған Әблязов оқиғасы Францияның босқындар ісі бойынша ұлттық сотына түсті. Сот жуық арада олигархтың босқын статусына қатысты үкім шығарады", - делінген ақпаратта.
Басылым мәліметіне сүйенсек, Әблязовқа саяси баспана беру туралы шешім француздық саяси ортада алаңдаушылық тудырып отыр. Өйткені елдің Қазақстанмен маңызды қорғаныс және уран келісімшарттары бар.
parismatch.com агенттігі Әблязов жөніндегі шешім Францияның босқындар бойынша ұлттық соты қараған ең үлкен іс болатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2009 жылы Қазақстаннан қашып кетті. Ел билігі оны БТА банкінің 7,5 млрд доллар қаржысын жымқырды деп айыптады және оның партиясы террористік деп танылды.
Қазақстан мен Ұлыбританияда олигарх өмірбойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.