Халық референдумда АЭС құрылысын қолдаса, Үкімет кімнің тәжірибесіне иек артуы мүмкін?
ERNUR.KZ. Бүгін осы АЭС-ті салуға ниет білдірген 4 компания өкілі Астанаға келді. Қытай, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей компанияларының технологияларын таныстыру үшін Елордада Kaz Atom Expo көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz.