​Геннадий Головкиннің есепшотында қанша ақша бар екені айтылды

0
2 086

Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеді.


​Геннадий Головкиннің есепшотында қанша ақша бар екені айтылды

ERNUR.KZ. Геннадий Головкиннің есепшотында қанша ақша бар екені айтылды, деп жазады tengrinews.kz

Головкин 2020 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізбеді. Ол соңғы рет Нью-Йорк қаласында польшалық Камил Шереметамен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Содан соң қазақстандық боксшы биыл желтоқсанның соңында орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен кездесуі керек еді. Алайда Жапониядаға карантиндік шараларға байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді.
"Біраз уақыттан бері кездесу өткізбеген Головкин аз болса да танымалдылығынан айырылды. Дегенмен бұл мәселе оны уайымдата ма, жоқ па білмеймін. Себебі қазақстандық боксшы карьерасын аяқтауға жақын. Шынымды айтсам, Геннадий енді екі кездесу өткізсе, оның өзі жаман емес. Celebrity Net Worth ақпараты бойынша, Головкиннің байлығы 30 миллионға тең. Егер чемпионның мұндай байлығы болмағанда, ол 12 ай бойы демалмай, баяғыда жекпе-жек өткізер еді", - деп жазады автор.
Айта кетейік, бүгін танымал промоутер Эдди Хирн Головкин мен Риота Мурата арасындағы айқастың қашан өтетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, жекпе-жек наурыз немесе сәуір айында өтеді.