Германия Қазақстанға гуманитарлық көмек жинап жатыр

0
485

Жақын арада гуманитарлық көмек Қазақстанға жөнелтіледі.


Германия Қазақстанға гуманитарлық көмек жинап жатыр

ERNUR.KZ Германияның астанасы – Берлинде Қазақстанға гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп жазады 24 KZ.




Игі істі Берлиндегі отандастарымыз бастады. Суретші Раушан Толғанбаева мен ерікті Виктория Бурлакова су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға кірісті. Олар бір аптаның ішінде үлкен 6 қорап жинаған. Соның ішінде көрпе-жастық, гигиена құралдары, балалар тағамы тіпті малға арналған жем-шөп те бар.
Жүктерді қабылдау әлі жалғасып жатыр. Жақын арада гуманитарлық көмек Қазақстанға жөнелтіледі. Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау үшін неміс-қазақ қоғамы да қаражат жинауды жоспарлап отыр.