​Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды (видео)

0
582

Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды


​Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды (видео)

Фото:видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж мүшелері Қазақстан жеріне сәтті қонды, деп жазады sputnik.kz

5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған "Союз МС-18" Жерге оралды.


Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды.

Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды.

Оларды "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды.

Айта кетейік, 5 қазанда Байқоңыр айлағының "Восток" старттық алаңынан "Союз МС-18" зымыранымен әлемдегі тұңғыш кино экипажы ғарышқа аттанады. "Вызов" ғылыми-танымдық жобасының мүшелері режиссер Клим Шипенко мен актриса Юлия Пересильд "Союз МС-18" орбитасына жеткізіледі.

"Союз МС-18" кемесінің капитаны ғарышкер - Антон Шкаплеров. Кино түсірілімі үшін актерлер ғарышқа 12 күнге аттанды. Олар 17 қазанда оралады деп болжанған.

"Вызов" — бұл ғылыми-танымдық жоба. Бірақ сюжет әлі де құпия сақталып отыр.