Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

0
698

Зардап шеккендердің көп болуын ескере отырып, қысқа мерзімде операциялық бөлмелер ашылып, дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар құрылды.


Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері емделуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зардап шеккендердің көп болуын ескере отырып, қысқа мерзімде операциялық бөлмелер ашылып, дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар құрылды.

Биылғы жылдың бесінші қаңтарынан бастап әскери борышын орындау кезінде Қарулы Күштердің бір әскери қызметшісі қаза тауып, 287 әскери қызметші түрлі жарақаттар алды. Оның 102-сі стационарлық ем қабылдауда.

Әскери емдеу мекемелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Білікті көмек көрсету үшін қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер қоры бар.