Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды

0
494

Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрыңғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі антикор мамыр айында сотқа жіберген болатын.


Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады sputnik.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Гүлмира Сатыбалдыны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады, ал көмекшісі Мәди Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айырылды.
Бұдан бұрын болған сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалдының көлік жүргізушісі әрі көмекшісі Мәди Батыршаев бұл қылмыстық іске еш қатысы жоғын айтып, судьядан әділ төрелік жасауды өтінді.
Еске сала кетейік, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрыңғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі антикор мамыр айында сотқа жіберген болатын.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған: ауыр зардаптарға әкеп соққан озбырлық (389-бап, 3-бөлік); қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру (28-баптың 3-бөлігі); адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлау (125-баптың 2-бөлігі 1.8-бөлігі).