9 шілдеден бастап Қазақстанда мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрбір қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы басталды.
23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарттар күніне арналған үшінші «Мейірімділік апталығы» өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
9 шілдеден бастап Қазақстанда мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрбір қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы басталды.
Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылды. Ол «игі істердің» жалпы санын есептейді. Бүгінгі таңда қазақстандықтар 2045 игі іс жасаған. Жалпы, іс-шараларға ел бойынша 24 мыңға жуық адамы қатысты.
Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Желтоқсан айында белсенді қатысушыларды «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» секілді 10 номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.