ІІМ басшысы Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атады

0
1 239

Лайнер апат орнынан әуежай жаққа жеткізіліп, онда ұшақты тағы да толық қарап шығады.


ІІМ басшысы Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атады

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атады, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деді ІІМ басшысы.

"Қазір оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Лайнер енді әуежай жаққа жеткізіліп, онда ұшақты тағы да толық қараймыз", - деді Тұрғынбаев.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыда Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған болатын. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.