​Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
1 886

Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.


​Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті активке ауданның жаңа басшысын таныстырды,- деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президентінің әкімшілігі, сондай-ақ аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі болып Салауат Өтеғұлұлы Өтеғұлов тағайындалды.
Ауданды 2 жарым жылдай басқарған Мейірім Қалауи басқа жұмысқа ауысуына байланысты Индер ауданы әкімі лауазымынан босатылды.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов осы аралықта ауданда біраз жұмыс жасалғанын атап өтіп, оған атқарған қызметі үшін ризашылығын білдірді.
Салауат Өтеғұлов 1984 жылы Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында экономист, 2015 жылы Батыс Қазақстан инжеренрлік-гуманитарлық универститетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
2006-2007 жылдары облыстық Дене тәрбиесі және спорт басқармасында бас маман болып еңбек жолын бастаған. 2007-2019 жылдар аралығында облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, кейіннен басқармада бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
С.Өтеғұлов 2019 жылдың шілде айынан қазіргі уақытқа дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.