Чумаковтың айтуынша, егер адамдар екпеден бас тартуын қоймаса, онда коронавирус инфекциясының тағы бірнеше толқынын күтуге мәжбүр боламыз.
ERNUR.KZ. Ресейлік вирусолог, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Энгельгард атындағы Молекулярлық биология институты зертханасының меңгерушісі Петр Чумаков коронавирус індетінің толқындары мезгіл-мезгіл қайталанған сайын күшейе түсетінін айтты, деп жазады Zakon.kz.
Толқындардың туындауы жалғаса береді. Біз олардың белгілі бір жиілікте пайда болатынын көріп отырмыз. Ең бастысы, әрбір келесі толқын алдыңғысына қарағанда белгілі бір дәрежеде қиындай түсетіні алаңдатады, - деді сарапшы Ресей радиосының эфирінде.
Чумаковтың айтуынша, егер адамдар екпеден бас тартуын қоймаса, онда коронавирус инфекциясының тағы бірнеше толқынын күтуге мәжбүр боламыз.